ЕСІЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ҚОРЖЫНЫ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІСПЕН ТОЛТЫРЫЛДЫ

2022 жылдың 2-3 желтоқсанында Астана қаласында „AJP tour international” джиу-джитсудан өткен халықаралық жарысқа @esil_top_team спорт клубының жас тәрбиеленушілері қатысты. Балалар үшін бұл бірінші жарыстары емес, бұған дейін көптеген лайықты марапаттары бар болғанымен біз олармен мақтанамыз! Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша біздің балалар келесі орындарға ие болды: Цыганец Злата -1 орын; Белко Даниэль -1 орын; Қуанышев Дамир -1 орын; Поселенов Кирилл -2 орын; Асылбекова Далила - 2 орын; Бутенко Наталья - 2 орын; Рогозный Ярослав - 2 орын; Марковец Мария - 3 орын; Исатова Ясмина - 3 орын; Паль Маргарита - 3 орын; Бекмурзина Дария - 3 орын; Калинский Владимир - 3 орын; Идрисова Пальмира - 3 орын. Балаларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз, зор денсаулық, мықты және жеңіл жарыстар тілейміз! Меншікті тілші

Оставьте первый комментарий