9 мамыр - ұлы жеңіс күнімен!

Ұлы   Отан    Соғысы ардагерінің  жесірі, тыл ардагері, Алтын Алқа иегері, «Ветеран труда» медалі, «Материнская слава  ІІІ степени» ордені, «Материнская слава  ІІ степени» ордені, «Медаль материнства І степени»   медалінің     иегері     Зайтенова Нүрбике Кашмулдиновна 9 мамыр күні 95 жасқа толып жатыр. Біз Сізге шын көңілден  зор  денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын,   алаңсыз күндерін, жан шуағын,   жақын   адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз.
Зайтенова Нұрбике Кашмулдиновна 1929 жылдың 9 мамырда Көкшетау облысы Рузаев ауданы, Ақшығанақ ауылында дүниеге келді. 1941 жылы 2 сыныпты бітіргеннен кейін Нүрбике апаның әкесі Ұлы Отан Соғысына аттанады. Сегіз баласымен қалған анасы балаларын   асырау    үшін сауыншы болып жұмыс жасайды. 1942 жылы әкесі соғыста қаза болды деген қара хабар келеді. 1947 жылы тамыз айында Нұрбике апамыз  Зайтенов Ахмет Әлімұқанұлына тұрмысқа шығып, 12 баланың анасы атанады. Қазіргі уақытта 31 немере, 45 шөбере, 5 немененің қызығын көріп отырған Нұрбике апа марқұм  Уәлихан ұлының жұбайы Зайтенова (Искакова) Тойған келінінің қолында Игілік ауылында өмір сүріп жатыр.
Ұлы Отан Соғысының ардагері - Зайтенов   Ахмет   Әлмұқанұлы 1924 жылы Есіл ауданы, Елтай колхозы №1 ауылында дүниеге келген. 1941 жылыКеңес армиясының қатарына қосылып Ұлы Отан Соғысына қатысып,  соғыс аяқталған соң лейтенант шенінде 1946 жылы Рузаев ауданы Пришимск ауылына келеді.
Соғыстан кейін 1948 жылы Профсоюзға кіргеннен бастап ішкі істер департаментінің аға лейтейнанты шенін алады. Рузаев ауданындағы түрмеде конбойлардың комендаты  болып жұмыс атқарып жатқанда, Көкшетау қаласына  НКВД-ғы жұмысқа ауысады. Соғыста  2 жерден алған жарақаттары денсаулығына әсер  ете бастағанына  байланысты жұмыстан босатылған Ахмет атамыз бухгалтер қызметтін атқарады. Одан кейін  бас бухгалтер және жүргізушілердің бастығы болып жұмыс атқарып келді.
1978 жылы Игілік ауылына қоңыс аударып, Игілік совхозының директоры болып қызмет атқарады. 1991 жылы 67 жасында соғыс кезінде алған жарақат жерлері денсаулығына зиян келтіріп төсек тартып, Игілік ауылында өмірден озады.
Майдандағы ерліктері үшін «Красная звезда» ордені мен «За боевые заслуги» медалімен, «Ветеран труда» медалімен, «Двадцать лет победы в великой отечественной войне 1941-1945» медалімен, «50 лет Вооруженных сил СССР» медалімен,  «Отечественной войны ІІ степени» орденімен марапатталған.
Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Бүгінгі күні де біздің адалдық пен патриотизм, қаһармандықтың лайықты үлгісі болып келесіздер. Ұлы  Жеңіс үшін, өшпейтін Ерлік үшін шынайы көңілден шыққан алғысымызды қабыл алыңыздар.
Ә. Нағысхан,  Красногорский кенті әкімдігінің бас маманы

Оставьте первый комментарий