Қазақстан – дүниежүзіне бейбітшілік пен келісімнің үлгісін көрсетіп отырған мемлекет. Біздің елімізде жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – ата-бабадан қалған қастерлі дәстүрдің жалғасы әрі тәуелсіздік жылдарында саналы түрде қалыптастырылған мемлекеттік саясаттың жемісі.
Еліміз – достық пен бірліктің Отаны. Халықтың ынтымақ пен өзара түсіністігі – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болмақ, сондықтан біз үшін татулық – баға жетпес қазына.
Қазақстанды ынтымақ пен татулықтың бесігі деуге толық негіз бар. Мұнда әр этнос өз мәдениетін сақтай отырып, ортақ құндылықтарға құрметпен қарайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы осы көпұлтты қоғамды біріктіріп, халықтар арасындағы сенімді нығайтып келеді. Бұл – әлемге үлгі боларлық тәжірибе.
Еліміз халықтар достығының алтын көпіріне айналды. Геосаяси тұрғыдан Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан көпұлтты қоғамда бейбіт өмір сүре білудің шынайы үлгісін көрсете алды. Бұл – біздің болашақ ұрпаққа аманаттайтын ең асыл мұрамыз.
Қазақстан – келісім мен өзара құрметтің мекені. Әрбір азаматтың тіліне, дәстүріне, мәдениетіне құрметпен қарау – біздің басты қағидамыз. Осы өзара сыйластықтың арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен береке орнап отыр.
Бүгінгі Қазақстан – тек экономикалық өсімге ұмтылған мемлекет қана емес, сонымен бірге рухани құндылықтарды жоғары бағалайтын ел. Татулық пен достық – біздің басты байлығымыз, ал келісім мен бірлік – жарқын болашаққа бастар жолымыз.
ҚХА мүшесі - Г. Поплавская