Ақмола облысының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақмола облысының эпидемиологиялық жағдайы туралы

2024 жылдың 7 айында Ақмола облысының тұрғындары арасында ауру жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл туралы бүгінгі брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, Ақмола облысы СЭБД басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов мәлімдеді.

Ақмола облысында соңғы 5 жыл ішінде адамдар арасында сібір жарасы ауруының 21 жағдайы тіркелген, атап айтар болсақ, Аршалы, Жарқайың, Есіл аудандарында жәнеКөкшетау қаласында.

Республика бойынша соңғы 5 жыл ішінде Ақмола облысы 2-орында.

Инфекцияның негізгі көздері ауыл шаруашылық жануарлары. 2024 жылы облыста сырқаттанушылық тіркелмеген.

Сібір жарасының алдын алу мақсатында жыл сайын жоспарлы вакцинация жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың жоспарына сәйкес 989 адамға сібір жарасына қарсы екпе егіліп, 643 адамға ревакцинация жүргізілген.

Сондай-ақ, спикер Омарханов спецификалық емес профилактика туралы:

- жануарлармен жұмыс жасау кезінде санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау, яғни, шикізатты өңдеу кезінде арнайы киімді, қолғапты пайдалану, қолды сабынмен жуу.

-  ауру жануарларды уақтылы анықтау, оқшаулау, карантин белгілеу, жануарлардың мәйіттерін залалсыздандыруды бақылау, мал қорымдарын дұрыс ұстау, дезинфекциялау үлкен маңызға ие екенін баса айтты.




Оставьте первый комментарий