Ақмола облысынан 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарына 8 спортшы қатысады


Ақмола облысынан 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындарына 8 спортшы қатысады


Астана қаласында  қыркүйектің 8-13 қыркүйек аралығында 5-шіДүниежүзілік  Көшпенділер Ойындары өтеді.

Бұл ғаламатоқиға 89-дан астам елідің қатысушыларынжинап, әлемнің барлық өңірлерінен келген көшпелі халықтардың  мәдениеттері мен спорттық дәстүрлерінің тоғысар мекені болады.

Қатысушылар 21 спорт түрінен бақ сынасады, олар:асық ату, теңге ілу, жамбы ату, мангала, ордо, алыш, корэш, кураш, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, құсбегілік, көкбөрі, дәстүрлі садақ ату, мас-рестлинг, бәйге, көкпар, аударыспақ, ашырмалы аба кюреши, күштілердің сайысы, арқан тартыс, овари.

Ақмола облысының спортшыларының атынан  көрсетілетін спорт түрлері: асық ату «Алау» мұзайдыны сарайында, құсбегілік этноауылда, белбеу күресі – Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Ақмола облысы құрамасының құрамында Қазақстанның намысын келесі  спортшылар қорғайды: Құсбегілік бойынша Қазақстанның екі дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше мәрте жүлдегері – Кенжетай Ерлан. Асық ату  бойынша Әлем кубогінің чемпионы, ҚР спорт шеберлігіне кандидат – Думан Көгершін. Белбеу күресі бойынша еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстан Республикасының абсолюттік чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионы – Нұрланұлы Бекбол.

Қыркүйек айында мас-треслинг бойынша іріктеу өтіп, біздің облыстың құрамасының түпкілікті құрамы анықталатн болады.

Бапкерлер құрамы:

Нұрлан Мәулен – белбеу күресі бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.  Бірен-саран емес,  бірсыпыра шәкірт  баптап, жұлдызды  додаларға қосқан  шебер бапкер.Шәкірттерінің ең танымалдары – Нұрланұлы Ербол, Нұрланұлы Бекбол, Мерген Күмісбек. 

Әукенов Самат Базарбекұлы – асық ату бойынша жоғары санатты жаттықтырушы, асық ату бойынша жоғары ұлттық санаттағы төреші, асық атудан Ақмола облысының бас бапкері.

Самат Базарбекұлының шәкірттері аз емес.  Олардың арасында Думан Айлана - Азия Чемпионатынан1 орын, Аманжолова Аружан – Азия Чемпионатынан 2 орын, Әлем Кубогынан 1 орын, Сәрсеков Еркебай – Әлем Кубогынан1 орын.

 "Томирис" командасы әлемге қазақ қыздарының салт атпен жүру шеберлігін көрсетеді. «Ұлы дала жорығы»республикалық марафон –бәйгеге  қатысқан «Томирис» жалғыз қыздар құрама командасы 3-7 қыркүйек аралығында өтетін  халықаралық бәйге марафонына белсенді дайындық үстінде.















Оставьте первый комментарий