3 ақпан аудан әкімі Е. Баяхметов Есіл қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Тұрғындарды ТҮКШ, жолдарды тазалау және т. б. мәселелер қызықтырды. Барлық сұрақтар бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
2023 жылы ауданның жол желісін жақсарту бойынша келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:
- Элеваторная, Уәлиханов, Әуезов, Ж.Жабаев, Бөкейханов көшелеріндегі автомобиль жолдарына орташа жөндеу;
- Мұнайтпасов көшесіндегі автомобиль тұрағын жайластыру;
“Ауыл-ел бесігі” бағдарламасы бойынша кентішілік жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарлануда:
- Красивый ауылында Тәуелсіздік және Набережная көшесі;
- Жаныспай ауылында Тельман көшесі;
- Бұзылық ауылында Рассветная, Садовая, Мичурин, Мәншүк Мәметова, Молодежная көшелері;
- Заречный ауылында Ж. Жолы және Жеңіс көшелері.
Білім беру саласында мектепке дейінгі және орта білім алу үшін жағдай жасау басым мәселе болып қалуда. Мәселен, биыл Ақсай орта мектебінің базасында инклюзивті білім беруді қолдау кабинетін ашу жоспарлануда, сондай-ақ Ақсай, Московский және Қаракөл ауылдарының мектептерін робототехника кабинеттерімен жабдықтау жоспарлануда.
Знаменка және Двуречный ауылдарында екі шағын футбол алаңын орнату, Сұрған ауылында балалар спорттық-ойын алаңын орнату жоспарлануда.
Халықпен кездесу қорытындысы бойынша Еркебұлан Еркешұлы Есіл қаласының әкіміне қаланы абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударуды, сондай-ақ қала тұрғындары арасынан қоғамдық мониторинг тобын құруды тапсырды.
Меншікті тілші