ҚАЗА ТАПҚАН ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

Жыл сайын 15 ақпан Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылған күні, Отан алдындағы борышын абыроймен орындап, батылдық танытқандарға құрмет көрсетеміз.

15  ақпан  2023 жылы жұртшылық өкілдері және аудандық ауған ардагерлері ұйымының төрағасы Ж. Әлжановпен аудан әкімі Е. Баяхметов сол соғыста қаза тапқан ауданымыздың тұрғындарының құрметіне қойылған ескерткіш белгіге гүл шоқтарын қойды. Олар мәңгілік біздің есімізде. Қаза тапқандардың аналары мен отбасыларына тағзым етеміз.

Меншікті тілші

Оставьте первый комментарий