Аудандық мәслихат депутаттарының жаңа құрамы таныстырылды

2023 жылғы 30 наурызда аудан әкімдігінің мәжіліс залында VIII шақырылған Есіл аудандық мәслихатының бірінші сессиясының отырысы Есіл ауданының әкімі Е.Баяхметовтің, аудан әкімінің орынбасарларының, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, VII шақырылған Есіл аудандық мәслихаты депутаттарының, Қоғамдық кеңес пен аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өтті.
19 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаев VII сайланған Парламент Мәжілісін тарату және ағымдағы жылдың 19 наурызында өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
Мәжіліс пен мәслихаттарға кезектен тыс сайлау өткізу жалпыұлттық референдумда азаматтар қолдаған конституциялық реформаның қисынына негізделеді.    
Оның қорытындысы бойынша біздің еліміз биліктің өкілді тармағын қалыптастырудың жаңа, неғұрлым әділ және бәсекеге қабілетті ережелеріне көшті.
Есіл аудандық мәслихатының депутаттары ауданда жүргізіліп жатқан өзгерістердің дәл ортасында болды. Сайлаушылармен үнемі кездесіп, ең шалғайдағы ауылдық округтерге барып, азаматтардың өзекті мәселелерін көтерді.
Бүгінгі таңда аудандық мәслихат құрамы айтарлықтай жаңарды: 11 депутаттың 5 – і аудандық мәслихатта алғаш рет жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, отырыс барысында барлық негізгі ұйымдастырушылық мәселелер шешілді, “AMANAT” партиясының фракциясы тіркелді, комиссиялар бекітілді, олардың құрамы, төрағалары анықталып, аудандық мәслихат депутаттарының куәліктері табысталды. Депутаттар сегізінші шақырылымдағы аудандық мәслихат төрағасы лауазымына үміткерлерді ұсынды, депутаттардың бірауыздан шешімімен А. С. Әділбаева сайланды.
“Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын. Алдағы үлкен жұмыс сіздерден басқарушылық ерік-жігерді, адалдықты және мақсатқа жетуде табандылықты талап етеді. Өткен шақырылым депутаттарына табысты жұмыстары үшін алғысымды білдіремін.  Жаңа депутаттар жұмыс қарқынын сақтап, жемісті жұмыс істеуі тиіс, өйткені бізді жаңа міндеттер күтіп тұр. Сіздердің барлық игі бастамаларыңызға сәттілік, халықтың қолдауын тілеймін”, - деп атап өтті Есіл ауданының әкімі Е.Баяхметов.
VIII сайланған аудандық мәслихаттың бірінші сессиясының отырысы соңында Еркебұлан Еркешұлы Есіл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін VII сайланған депутаттарға алғыс хаттар табыс етті.
VII шақырылған Есіл аудандық мәслихатының төрағасы Сәуле Ағымбаева аудан әкіміне, атқарушы органдар мен аумақтық құрылымдар басшыларына бірлескен жемісті жұмысы үшін алғыс білдіріп, депутаттық корпус атынан сөз сөйледі.
Меншікті тілші

Оставьте первый комментарий