20 сәуірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Есіл ауданында сенбілік өтті. Шараға қала және ауыл тұрғындары, барлық меншік нысанындағы кәсіпорын, ұйым, мекеме басшылары қатысты.
«Біз барлығымыз өз үйімізге және қаламызға қамқорлық жасау мәдениетін тәрбиелеуіміз керек. Көшелерді ретке келтіру тек коммуналдық қызметкерлердің ғана емес, әрбір тұрғынның міндеті екенін әрқайсымыз түсінуіміз керек», - деп атап өтті қала әкімі Ғазиз Мұхитұлы.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы 8 сәуірде басталды және бес аптаға созылады, оның әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.